Алматыдағы балалар үйі көшірілмейтін болды
21 шілде, 2025


Фото: Қаржылық мониторинг агенттігінен
Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейді», - деп жазды Руслан Желдібай.
Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады.
Ұқсас жаңалықтар

1 тамыз, 2025
Астанада адам саудасына қарсы күрес мәселелері талқыланды

1 тамыз, 2025
Елімізде әлеуметтік қорғау саласының үздік қызметкерлері мен жобалары анықталады

31 шілде, 2025
Қазақстандықтардың көпшілігі елдің даму бағытын қолдайды

31 шілде, 2025
«Ешқандай күмән болмауы керек»: экология министрі киік етінің сапасы туралы айтты