Астанада 120 миллион теңге жүлде қоры бар ат жарысында жеңімпаздар анықталды

Астанада 120 миллион теңге жүлде қоры бар ат жарысында жеңімпаздар анықталды
Фото: автордан

Елорда іргесіндегі «Қазанат» атшабарында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған Astana Cup ат жарысында жеңімпаздардың есімі белгілі болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

100-ге жуық жүйрік сынға түскен ат жарысында 6 қашықтық бойынша жүлделер сарапқа салынды.

Ұшқыр бәйге. 1 200 метр. 9  қатысушы.

1-орын. «Скайлер Блэйк». Шабандоз - Расул Алпысбай. Бапкері - Магомет Каппушев, ат иесі - Марат Кушеров - 5 млн теңге.

2-орын. «Икарус». Шабандоз - Мырзабек Каппушев. Бапкері - Нұржігіт Табылдиев, ат иесі - Нұржігіт Табылдиев - 3 млн теңге.

3-орын. «Амайя» Шабандоз - Жеңіс Диас. Бапкері - Аида Ташмуратова, ат иесі - Жомарт Капанов - 2 млн теңге.

Ұшқыр бәйге. 1 600 метр. 5  қатысушы.

1-орын. «Мэрайя». Шабандоз - Күрімбек Дидарбек. Бапкері - Күрімбек Дидарбек, ат иесі - Владимир Старых - 5 млн теңге.

2-орын. "Хакан". Шабандоз - Болат Абдыхамит. Бапкері - Керімбек Өмірәлиев, ат иесі - Болат Қожамсейітов - 3 млн теңге.

3-орын. «Шардара». Шабандоз - Нұртөре Нәсіпбек. Бапкері - Геннадий Исанов, ат иесі - Мақсат Ақаев - 2 млн теңге.

Ұшқыр бәйге. 1 800 метр. 14  қатысушы.

1-орын. «Нур Шатоя». Шабандоз - Күрімбек Дидарбек. Бапкері - Дәурен Жүсіпов, ат иесі - Қайрат Жұмағалиев - 5 млн теңге.

2-орын. «Пионер Пак». Шабандоз - Қайрат Доқтырбаев. Бапкері - Евгений Караваев, ат иесі - Бейбарыс КХ - 3 млн теңге.

3-орын. «Фат Ир». Шабандоз - Дәурен Жүсіпов. Бапкері - Эдуард Ах, ат иесі - Бақтияр Байзақов - 2 млн теңге.

Ұшқыр бәйге. 2 000 метр. 14  қатысушы.

1-орын. «Флэтчер». Шабандоз - Расул Алпысбай. Бапкері - Магомет Каппушев, ат иесі - Марат Кушеров - 15 млн теңге. 

2-орын. "Кип Голд". Шабандоз - Дәурен Жүсіпов. Бапкері - Эдуард Ахмолдин, ат иесі - Махамбет Пайдин мен Алмас Сапаев - 10 млн теңге.

3-орын. «Ел Орда». Шабандоз - Жеңіс Диас. Бапкері - Аида Ташмуратова, ат иесі - Ұлан Умаров - 5 млн теңге.

Топ бәйге. 12 шақырым. 24  қатысушы.

1-орын. «Байдик». Шабандоз - Диас Жартыбай. Бапкері - Әділет Ноқатай, ат иесі - Ардақ Сарсекеев - 15 млн теңге.

2-орын. «Бәйтерек». Шабандоз - Аңсар Арыстанбек. Бапкері - Жамбыл Бөбекбай, ат иесі - Қасым Алтынбай - 10 млн теңге.

3-орын. «Найза». Шабандоз - Дамир Ілесбек. Бапкері - Нұржігіт Табылдиев, ат иесі - Нұржігіт Табылдиев - 5 млн теңге.

Аламан бәйге. 18 шақырым. 32  қатысушы.

1-орын. «Қарлығаш». Шабандоз - Амир Сералы. Бапкері - Азамат Мирсалимов, ат иесі - Мейрамхат Искаков - 15 млн теңге. 

2-орын. «Көкдауыл». Шабандоз - Аңсар Арыстанбек. Бапкері - Жамбыл Бөбекбай, ат иесі - Қасым Алтынбай - 10 млн теңге.

3-орын. «Тасқын». Шабандоз - Юбыр Ерқанат. Бапкері - Мұрат Досбергенов, ат иесі - Мұрат Өсербаев - 5 млн теңге.

Айта кетейік, жалпы турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау, қаржылай сыйақы шығындары демеушілер есебінен жүргізілді.