Табиғат Зейнұлқабден елордалықтарды Жеңіс күнімен құттықтады


Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында елордалықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Қадірлі ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!
Сіздерді Астана қаласы мәслихатының депутаттық корпусы және жеке өз атымнан Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мерейлі күн - Отанын қорғауға шыққан халықтың қайсар рухының, ерлігі мен бірлігінің символы. Біз азаттық пен бейбіт өмір үшін жанын қиған аталарымыз бен бабаларымыздың өшпес ерлігіне тағзым етеміз. Олар майданда ғана емес, тылда да ерен еңбек етіп, жеңісті жақындатуға бар күш-жігерін арнады.
Осы айтулы мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, амандық, береке мен бейбіт өмір тілеймін. Әр шаңырақта шаттық пен татулық орнасын, Тәуелсіз еліміздің көгінде әрдайым бейбітшілік шуағы төгілсін!»,- деп жазды мәслихат төрағасы.



