Елордалық ТЖД арқан тартыстан жеңімпаз атанды

Фото: ТЖМ
Қарағанды қаласында өтіп жатқан Төтенше жағдайлар министрлігінің XIV спартакиадасының алғашқы күні арқан тартыс сайысынан басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Арқан тартыстан сайыс қызу өтіп, жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласы ТЖД командасы бірінші орынды иеленді.
Финалға өткен командалар арасында үшінші орынды Ұлытау, екінші орынды Шығыс Қазақстан облысы ТЖД командасы жеңіп алды.
«Тартысты бәсеке қорытындысы бойынша жеңіс Астана қаласы ТЖД командасына бұйырды, олар тамаша ұйымшылдық пен күш-жігер танытты», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Айта кетейік, бүгін спартакиада волейбол сайысы бойынша жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар

12 қазан, 2025
Елордалық шабандоздар ел чемпионатында қола жүлдегер атанды

10 қазан, 2025
Астаналық спортшылар әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді

9 қазан, 2025
Елордалық студент TurkicSkills-2025 чемпионатында жүлделі орынға ие болды

8 қазан, 2025
Астанада полиатлоннан әлем кубогының жеңімпаздары марапатталды