Елордалық спортшылар әлем чемпионатында тарихи жетістікке жетті

5 наурыз, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордалық спортшылар әлем чемпионатында тарихи жетістікке жетті
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Астана спортшылары шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Канаданың Калгари қаласында жасөспірімдер арасында шорт-тректен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.

Бұл додада Қазақстан құрамасы айтарлықтай жетістікке қол жеткізіп, ерлер арасындағы 3000 метрлік эстафетада және аралас командалық 2000 метрлік эстафетада тарихи қола жүлдені иеленді.

Айта кетерлігі, осы жетістікке Астана қаласының үш спортшысы –Дінмұхамедәлдияр Тәжібай, Нұрлан Қайырбеков және Богдан Вехов үлкен үлес қосты.

Осылайша, Астана қаласының спортшылары әлемдік деңгейдегі бәсекеде екі бірдей қола медаль жеңіп алып, ел намысын абыроймен қорғады.