Елордалық ғалым халықаралық сыйлыққа ие болды
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, «Еуразиялық физика-энергетикалық зерттеулер және ғылымды қажет ететін технологиялар институты» ҒЗИ директоры Қайрат Күтербеков Scopus Awards-2023 халықаралық сыйлығымен марапатталды, деп хабарлады Elorda.info.
ЕҰУ ғалымы ядролық физика, ауыр иондар физикасы, радиациялық экология, баламалы (ядролық және сутегі) энергетика, жоғары технологиялар салаларында ғылыми қызметпен айналысады. Профессор – 470-тен астам жарияланымның, оның ішінде 5 монографияның және «Ауыр иондардың эксперименттік физикасы» оқулығының авторы.
Eurasian Mathematical Journal 2010 жылдан бастап ЕҰУ-да ағылшын тілінде шығарылады. Университеттің ғылыми басылымы Scopus базасында индекстеледі және Web of Science базасына кіреді, 2022 жылы Journal Citation Indicftor көрсеткіші бойынша Q2 жүйесіне кірді.
Журналдың бас редакторының орынбасары, ЕҰУ механика-математика факультеті «Іргелі математика» кафедрасының профессоры Қордан Оспанов жоғары марапатты табыстау барысында бұл әлемнің 40-тан астам елінің 64 өкілінен тұратын журнал редакциясының көп жылғы қажырлы еңбегіне берілген жоғары баға екенін атап өтті. Журнал ұжымының алдағы мақсаты – халықаралық математикалық қоғамдастықта белгілі басылымдардың біріне айналу.
Айта кетейік, ЕҰУ «Eurasian Mathematical Journal» басылымы 2017 жылы қараша айында Webof Science нұсқасы бойынша «Қазақстандық ғылыми басылымдардың көшбасшысы» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.