2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы төртінші себетте болады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ФИФА рейтингіне сәйкес командалар төрт себетке бөлінген. АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына іріктеу 21 наурыз бен 18 қараша аралығына жоспарланған.
Қазақстан құрамасының мүмкін болатын қарсыластары:
1-себет: Аустрия, Англия, Бельгия, Германия, Дания, Испания, Италия, Португалия, Нидерланд, Франция, Хорватия және Швейцария.
2-себет: Венгрия, Грекия, Норвегия, Украина, Уэльс, Польша, Түркия, Румыния, Сербия, Словакия, Чехия және Швеция.
3-себет: Албания, Босния және Герцеговина, Грузия, Израиль, Исландия, Ирландия, Словения, Солтүстік Македония, Солтүстік Ирландия, Финляндия, Черногория және Шотландия.
4-себет: Армения, Әзербайжан, Болгария, Косово, Кипр, Қазақстан, Латвия, Литва Люксембург, Эстония және Фарер аралдары.
5-себет: Андорра, Гибралтар, Лихтенштейн, Мальта, Молдова, және Сан-Марино.
Айта кетейік, іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі 13 желтоқсанда УЕФА штаб-пәтері орналасқан Ньон қаласында өтеді.