Астаналық жас балуандар ел чемпионатында үздік нәтиже көрсетті

9 шілде, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық жас балуандар ел чемпионатында үздік нәтиже көрсетті
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Астанадағы Beeline Arena спорт кешенінде қазақ күресінен балалар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Айтулы жарысқа еліміздің барлық өңірінен 300-ге жуық жас балуан қатысып, 12 салмақ дәрежесі бойынша бозкілемде белдесті. Тұңғыш рет елорда төрінде ұйымдастырылған бұл чемпионат қазақ күресінің тарихында елеулі оқиға болып қалады.

Чемпионат тек жеке белдесулермен шектелмей, командалық рухтың да қаншалықты маңызды екенін көрсетті.

Нәтижесінде Астана қаласының құрамасы жалпыкомандалық есепте 1 алтын, 2 күміс, 5 қола медальға қол жеткізіп, командалар арасында 2-орынды иеленді.

Екі күнге созылған дүбірлі дода Мемлекет басшысының ұлттық спорт түрлерін дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға және қазақ күресін кеңінен насихаттап, болашақ чемпиондарды жас кезінен тәрбиелеуге бағытталған. Сондай-ақ бұл чемпионат ұлттық құраманың сапына жаңа резервтерді анықтау ісінде маңызды рөл атқарды.

Екі күнге созылған чемпионат қорытындысы бойынша елордалық спортшылардың жеңістері мынадай:

29 келі

І орын: Әмірлан Мұратов (БҚО);

ІІ орын: Нұрахмет Жауғашты (Астана қаласы);

ІІІ орын: Алмат Батырбек (Түркістан облысы);

ІІІ орын: Айсұлтан Сағидолла (Ақтөбе облысы).

32 кг

І орын: Ғалымжан Кахултан (Түркістан облысы);

ІІ орын: Оразбай Тұрғынбек (Маңғыстау облысы);

ІІІ орын: Ерсұлтан Тұрмұхамбет (Астана қаласы);

ІІІ орын: Азамат Аманбек (Астана қаласы).

38 келі

І орын: Санжар Теміров (Атырау облысы);

ІІ орын: Мұхаммед Ержан (БҚО);

ІІІ орын: Нұрсұлтан Жұмабек (Астана қаласы);

ІІІ орын: Саян Әділетұлы (Қызылорда облысы).

42 келі

І орын: Нұртас Данабек (Қызылорда облысы);

ІІ орын: Нұрдәулет Бұхарбай (Астана қаласы);

ІІІ орын: Қанағат Құлғара (Ұлытау облысы);

ІІІ орын: Аслан Абдынахул (Маңғыстау облысы).

50 келі

І орын: Есім Бекәділ (Түркістан облысы);

ІІ орын: Арсланшах Болат (Алматы қаласы);

ІІІ орын: Жандос Жұматов (Қостанай облысы);

ІІІ орын: Бибарыс Ахмедия (Ақмола облысы).

60 келі

І орын: Дінмұхаммед Жарылқасын (Астана қаласы);

ІІ орын: Ералы Санай (Қостанай облысы);

ІІІ орын: Нұрбек Қалибекұлы (Абай облысы);

ІІІ орын: Әлімхан Құрманғали (БҚО).

65 келі

І орын: Темірлан Серік (Түркістан облысы);

ІІ орын: Санжар Жұмағазин (Ақтөбе облысы);

ІІІ орын: Қырықбай Тоғанбай (Ұлытау облысы);

ІІІ орын: Еламан Арысбай (Астана қаласы).

65+ келі

І орын: Ербұлан Әбілқасым (Түркістан облысы);

ІІ орын: Ғайса Дастанбекұлы (Қызылорда облысы);

ІІІ орын: Әділ Тәңірберген (Астана қаласы);

ІІІ орын: Мадияр Боран (Ұлытау облысы).