Астаналық парадзюдошы әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

20 тамыз, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views309
Астаналық парадзюдошы әлем кубогының күміс жүлдегері атанды
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Мысырдың Гиза қаласында көру қабілеті зақымдалған спортшылар арасында парадзюдодан IBSA Grand Prix Egypt 2025 әлем кубогы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Дүбірлі жарысқа 27 елден үздік спортшылар қатысып, өзара мықтыларын анықтады.

Ел намысын қорғаған елордалық парадзюдошылар жоғары деңгейде белдесіп, тамаша нәтижелерге қол жеткізді.

Жарыс нәтижелері:

• Ерғали Шәмей – 2-орын (J1 санаты);

• Асылан Нұрдәулетов – 5-орын (J1 санаты).

Сонымен қатар Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте күміс медальға ие болды.