Астаналық ару халықаралық ат спорты кубогында алтын медаль иеленді

Бүгін, 09:37
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық ару халықаралық ат спорты кубогында алтын медаль иеленді
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында Азия Ат спорты федерациясының кубогы өз мәресіне жетті. Бұл турнирге 15 елдің өкілдері қатысты. Астана қаласының спортшысы Малика Серік жарыстың алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жарысқа Аустралия, Оңтүстік Корея, Гонконг, Малайзия, Таиланд, Өзбекстан, Үндістан, Индонезия, Жапония, Палестина, Жаңа Зеландия, Филиппин, Оман, Хорватия және Қазақстаннан барған спортшылар қатысты.

Жарыстың сенсациясы – Астанадан қатысқан жас спортшы Малика Серіктің өнер көрсетуі болды. Ол «Жасөспірімдер» санатында биіктігі 100 см болатын маршрутта 1-орынды сенімді түрде иеленді.

«Бұл оның халықаралық жарыстардағы дебюті болды және ол өзін өте жақсы қырынан көрсетті. Біз оның жетістігімен мақтанамыз», – деді спортшының жеке жаттықтырушысы Ержан Мағжаев.