Жеңіс Қасымбек астаналықтарды балаларды қорғау күнімен құттықтады


Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордалықтарды Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бүгін барлық ауданда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды: фестивальдер, байқаулар, жарыстар, челлендждер, қойылымдар және тағы басқа қызықты бағдарламалар өтті.
«1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай 40-тан астам аула мен қоғамдық кеңістік ашылды. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмысын жалғастырып жатырмыз, мектептер, балабақшалар, Оқушылар сарайы, заманауи спорт алаңдары және тағы басқа нысандар салынып жатыр. Біздің барлық жұмысымыз – балаларымыздың жарқын болашағы үшін!
Әрбір бала өзінше талантты және ерекше! Әр отбасыға, әр балаға зор денсаулық, бақ-береке және армандарының орындалуын тілеймін. Мереке құтты болсын!», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.