00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жеңіс Қасымбек Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Жеңіс Қасымбек Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Фото: Elorda.info

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің instagram парақшасында барша мұсылман қауымын қасиетті мерекемен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info. 

Қасиетті Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Құрбан айт – мұқтаж жандарға жәрдем беруге, қамқорлық танытып, бір-біріне жанашыр, өзара мейірімді болуға шақыратын, татулыққа үндейтін қасиетті мереке.

Барша мұсылман қауымын ұлық болған мереке – Құрбан айттың басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, бастаған әрбір істеріңізге береке тілеймін! 

Айт құтты болсын! Шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын!- деді қала әкімі.