00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Вакцинациядан кейін иммунитет бір жылға дейін сақталады

19 қыркүйек, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Вакцинациядан кейін иммунитет бір жылға дейін сақталады
freepik

Бұл туралы бүгін Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пірәлиева айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Жергілікті бюджет қаражаты есебінен екпелер медициналық-санитариялық алғашқы көмектің 44 медициналық ұйымында жүргізілетін болады. Жеке медициналық орталықтар: «Опен Клиник» МО, «Архимедес Қазақстан» МО медициналық сақтандыруы бар адамдарды егеді. Ақылы негізде екпе алғысы келетіндер «Опен Клиник» медициналық орталығында Ресейде өндірілген «ГРИППОЛ+» вакцинасымен егіледі», - деді спикер.

Оның айтуынша, уақытылы вакцинация тұмаудың ауыр асқынуларының алдын алудың немесе оны азайтудың ең жақсы әдісі екен.

«Вакцинация нәтижесінде алынған иммунитет аурудан сенімді қорғайды. Маусымдық тұмауға қарсы жыл сайынғы вакциналау барлық жас топтарында аурушаңдық пен өлімді айтарлықтай төмендетеді. Тұмау вирусы жыл сайын мутацияға ұшырайды, сондықтан тұмауға қарсы вакцинаны жыл сайын эпидемияға дейінгі маусымда (қазан-қараша айларында) тек ағымдағы жылғы вакцинамен алу керек. Вакцинациядан кейін иммунитет - 14 күннен кейін қалыптасады және 1 жылға дейін сақталады», - деді Жанна Пірәлиева.

Вакцинациядан басқа, үнемі жеке бас қорғану шараларын ұстану керек. Оларға:

- қолды үнемі жуу;

- тыныс алу гигиенасы ережелерін сақтау (жөтелгенде немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды жабу)

- ЖРВИ-ге ұқсас белгілер пайда болған кезде (дене қызуы, әлсіздік, безгек және басқалар) науқас вирустың одан әрі таралуын болдырмау үшін басқа адамдармен байланыс санын дереу шектеуі керек;

- ЖРВИ және тұмау белгілері бар адамдармен тығыз байланыста болудан аулақ болыңыз;

Сондай-ақ, спецификалық емес алдын алу шаралары қатарына қоғамдық орындарда (емханаларда, стационарларда және т.б. жерлерде) бетперде кию жатады.

Осы шараларды сақтау респираторлық вирустық инфекцияның таралуын азайтады.