00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Таза Қазақстан»: AMANAT партиясы елорда маңында бейсенбілік өткізді

«Таза Қазақстан»: AMANAT партиясы елорда маңында бейсенбілік өткізді
Фото: AMANAT партиясынан

Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында AMANAT партиясы әр апта сайын ұйымдастыратын «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын жалғасып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Осыған орай бүгін AMANAT партиясы Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен Астана-Көкшетау тасжолында бейсенбілік өтті.

AMANAT партиясы Астана қалалық филиалының саяси жұмыс бөлімінің басшысы Әбдіғани Бәзілханұлы «Таза бейсенбі» партиялық жобасы жаңа экологиялық мәдениет пен азаматтардың қоршаған ортаға деген саналы көзқарасын қалыптастыруды көздейтінін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқанын бастай отырып, бұл бір реттік акция емес екенін ерекше атап өтті.

Бүгінде Amanat партиясы 13 партиялық жобамен жұмыс істеп жатыр. Бұл экологиялық акцияны еңбек тұрғысынан емес, идеология жағынан қарау керек деп ойлаймын. Адамдар өзінің туған жеріне, оның тазалығына мән беру керек. Елімізге, елордамызға келетін шетелдіктерге тазалығымыз, экологиялық мәдениетіміз көрінуі керек. Сондықтан да бұл ұлттық жоба халықты біріктіріп, тазалыққа шақырады», - дейді Ә.Бәзілханұлы.

AMANAT партиясы Астана қалалық Байқоңыр аудандық филиалының атқарушы хатшысы Сергей Матюшенконың сөзінше, бүгінгі тазалық жұмысына 100-ге жуық адам қатысып жатыр.

«Бүгін біз бастауыш партия ұйымдарымен бірге «Голубая лагуна» деп аталатын қаладағы көрікті жерге келіп, аумақты қоқыстан тазалап жатырмыз. «Таза бейсенбілік» акциясына шамамен 100-ге жуық адам қатысып жатыр. Осымен қала бойынша 8-ші рет бейсенбілікке шығып отырмыз. Ал Байқоңыр ауданында осымен екінші рет өтіп отыр. Көрікті жерге тоқталсақ, қала тұрғындары мен қонақтары арнайы осы орынға келіп, естелікке суретке түсіп жатады. Бірақ өкінішке қарай, келушілер қоқыс тастап кетеді. Экоакция аясында барлық қазақстандықтарды тазалыққа шақырамыз, - дейді С.Матюшенко.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында AMANAT партиясы 5 бағыт бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.