«Тәуелділікті спортқа айырбаста»: Астанада ерекше акция өтті

фото: Жансая Таңырқұл
Кезекті акция аясында елордалық спортшылар қала тұрғындарына темекі өнімін спорттық құрал-жабдықтарға айырбастауды ұсынды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Астанада салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдетке қарсы күресу бойынша креативті бастамалар жалғасын тауып жатыр.
«Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен кезекті акция өткіздік. Оның аясында біз темекі және вейп шегетін жастарға қолдарындағы зиянды заттарды волейбол добы мен шахматқа айырбастауды ұсындық. Осы арқылы жастарды, қала тұрғындарын бос уақытын тиімді өткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын», - деді тас жолдағы велоспортпен кәсіби түрде айналысатын Роман Хакимов.
Мұндай акциялар тұрақты түрде өткізіледі.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:15
Астанада №104 LRT станциясына үшінші құрам қойылды

Бүгін, 17:03
Республика күніне орай кейбір астаналықтарға бір реттік төлем беріледі

Бүгін, 16:15
Астанада тұрақ ақысы тұрған минуты бойынша алынатын болады

Бүгін, 15:05
«Кітап оқитын ұлт»: МҚІА мен «AMANAT» партиясы меморандумға қол қойды