Светлана Жақыпова Ауған соғысы ардагерлерін құттықтады
14 ақпан, 2024
Елорда ақпарат
коллаж Elorda.info
Светлана Жақыпова Ауған соғысы ардагерлерін құттықтады
Ведомство басшысы өз сөзінде ардагерлердің Отан алдындағы қызметі мен адалдығы үшін зор ризашылығын білдірді. Министр олардың ерен ерліктері және патриотизмі жас буын үшін жарқын үлгі болып қала беретінін атап өтті.
Бүгінгі күнде еліміз бойынша Ауғанстан соғысының 20 ардагері әлеуметтік қорғау саласында еңбек етеді.
Естеріңізге сала кетейік, 1989 жылы 15 ақпанда Кеңес әскерінің соңғы контингенті Ауғанстан аумағынан шығарылды. Бұл соғысқа 22 мыңнан астам қазақстандық қатысты, 889 адам қаза тауып, 19 адам хабар-ошарсыз кетті. Сондай-ақ 3 мыңнан астам сарбаз мүгедек болып оралды.
Ұқсас жаңалықтар