00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Шекарашылар астаналық ардагерлерді ардақтады

Шекарашылар астаналық ардагерлерді ардақтады
Фото: ҰҚК Шекара қызметінен

Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдылық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі ұйымдастырды.

Қарияларға ризашылық білдіру мақсатында Шекара қызметінің әскери-патриоттық басқармасының жеке құрамы, шекара ардагерлері «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғындарына концерттік бағдарламамен барып, әсем көңіл-күй сыйлады. 

«Іс-шараның басты мақсаты – қарияларға көңіл бөлу, жылуға зәру қарттардың күлкісі мен бақытты көздері әскери қызметшілер үшін ең үлкен сыйлық болды. Қарттарымыз аман жүрсін!» - деді өз сөзінде «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, запастағы полковник Жанарбек Мадединов.

Ардагерлер тыл департаментінің қызметшілері дайындаған тәттілерден дәм татты.

Әскери қызметкерлер орталықтың қарияларын билетіп, әңгімелесіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қуантуға тырысты.

Ансамбль құрамының вокалисі қызметкер Жұлдызбек Өтешқалиевтің «Ты ждеш, Лизавета», «Виноградная косточка», «Дружба», қызметкер Ғалымбек Жадыраның «Бұлбұл», «Гаухартас» өлеңдері қариялардың көңілдерінен шығып, өткен күндеріне деген сағынышын басты.

Өз кезегінде Қарттар үйінің тұрғындары ұйымдастырушыларға алғысын айтып, жылы лебіздерін білдірді.⠀

«Осы концертті ұйымдастырып, арнайы келген шекарашыларға алғысымды білдіремін. Дендеріңіз сау болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, шекарамыз берік болсын», - деді Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Раиса Сафоничева.