00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Саяси шешім барлығымызды бір ортаға біріктірді – Мұхаммед Болысбек

11 қыркүйек, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Саяси шешім барлығымызды бір ортаға біріктірді – Мұхаммед Болысбек
Фото: жасанды интеллект

Бүгін AMANAT партиясының Астана қалалық филиалында АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың ашылуы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Іс-шараға штаб өкілдері, Астана қаласы мәслихатының депутаттары, қоғам белсенділері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қазанда референдум өтетінін жариялағаннан кейін республикалық және өңірлік деңгейде Халықтық штаб құрылды. Елорда да Халықтық штаб жұмыс істейді.  Оған 6 партия өкілі, 20-дан астам қоғамдық бірлестік кіреді. Дәл қазіргі таңда штабта 127 адам бар. Олар АЭС бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ АЭС-тің артықшылықтары мен маңызы туралы пікірлерді халыққа жеткізуде. Бұл саяси шешім - үлкен жауапкершілік. Ол барлығымызды бір ортаға біріктірді. Мемлекетіміздің мүддесі үшін саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, белсенділер штаб алаңына жиналды», - деді AMANAT партиясының Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек.  

Астана қалалық Халықтық штабтың ашылуы семинар -тренингке жалғасты.

«Қоғамда қорқыныш, үрей және көптеген сұрақтар бар. Ол сұрақтарға қарапайым тілмен жауап беруіміз керек. Сондай-ақ үрейді сейілтуіміз керек. Міне сол үшін штабқа тек қана қоғам белсенділері емес, сондай-ақ энергетика саласының өкілдері, экологтар тартылды.  Олар АЭС бойынша маңызды сауалдарды мамандармен бірге талқылап, халыққа түсіндіреді», - деді М.Болысбек.

Атқарушы хатшының сөзінше, кез келген азамат Халықтық штабқа келіп, көкейіндегі сұрағын қоя алады.  

«Әрине, сұрақ қойғысы келетін кез келген тұрғынға штабтың есігі айқара ашық, біз күнделікті жұмыс істейміз. Мұнда жауапты тұлғалар әрбір сауалға жауап беруге дайын», - деді Мұхаммед Болысбек.

Штабтың үгіт-насихат жұмыстары қазанның 4-не дейін жалғасады.