Путин ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді
3 шілде, 2024
Олжас Сүлейменов
Фото: primeminister.kz
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді әуежайда ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлады Elorda.info.
Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.
ШЫҰ-ны 2001 жылы алты мемлекет – Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрған. Кейінірек бірлестікке Иран, Үндістан және Пәкістан елдері қосылды.
5 жыл ішінде Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 56,5%-ға өсіп, $66 млрд құрады. 2024 жылғы қаңтар-сәуірде ұйым ішіндегі өзара сауда көлемі $19,1 млрд құрады. Осы кезеңде ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы $7,4 млрд құрады.
Ұқсас жаңалықтар