00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Прокуратураның араласуымен мемлекетке 1 миллиардтан астам теңге қайтарылды

31 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Прокуратураның араласуымен мемлекетке 1 миллиардтан астам теңге қайтарылды
фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының прокуратурасы мемлекет пайдасына шығарылған сот актілерінің орындалуына талдау жасады, деп хабарлады Elorda.info.   

Прокурорлық қадағалау актісін енгізу нәтижесімен сотталғанға тиесілі жалпы бағасы 1 млрд 62 млн теңге құрайтын 5 жер учаскесін өндіру арқылы келтірілген шығын мемлекет пайдасына өтелді. 

Осылайша, прокуратураның қабылдаған шараларымен қылмыс жолымен табылған сотталғанның мүлкін мемлекет пайдасына өндіру арқылы сот үкімі орындалды.