Полицейлер қысқы киім үлгісіне ауысты

Фото: Polisia.kz
Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде қысқы киім үлгісіне көшуге байланысты жеке құрамның саптық байқауы өткізілді. 300-ге жуық қызметкер сап түзеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
СҚО ПД бастығының міндетін атқарушы Құрманғали Ысмағұлов және бөлініс командирлері қызметкерлердің сыртқы киім-киісін, қажетті заттармен жабдықталуын, қызметтік куәліктердің мерзімін, заңнаманы білуін тексерді.
Жеке құрамның қысқы кезеңде қызмет атқаруға дайындығын тексерген Ысмағұлов полицейлерге қызметтік міндеттерін мінсіз, заңға сәйкес атқаруды тапсырды.
Байқау соңында қызметкерлер әнұранды орындады. Кейін оркестрдің сүйемелдеуімен саптық жүріспен өтіп, қызмет атқару орындарына тарады.
Ұқсас жаңалықтар

12 қыркүйек, 2025
Funny Sport: Астанада спорттық ойын-сауық марафоны басталды

12 қыркүйек, 2025
«Таза Қазақстан»: елордада күзгі көгалдандыру жұмыстары басталды

12 қыркүйек, 2025
30 мыңнан астам адам жүгінген: Астанадағы Жанұя орталығы қиын жағдайдағы отбасыларға көмек көрсетеді

12 қыркүйек, 2025
«Жанұяда» елордалықтар үшін 309 консультациялық қолдау көрсетілді – психолог