Орталық касса мереке күні де жұмыс істейді
23 тамыз, 2023
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
Алдағы 30 тамызда яғни, Конституция күніне байланысты елімізде демалыс күні болғанына қарамастан CTS Орталық кассасы жұмыс істейді, деп хабарлады Elorda.info.
Мұндай шешім оқу жылы басталғанға дейін мектеп көлік картасын рәсімдеп үлгеру үшін қабылданды.
Еске сала кетейік, елордада қала және Астана қаласы маңында тұратын оқу орындарының (мектеп, колледж, университет) 18 жасқа дейінгі оқушыларына тегін жол жүру мүмкіндігі бар. Ол үшін мектеп көлік картасы болуы керек және оны автобус салонында валидациялау қажет.
Касса сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліссіз жұмыс істейді.
Орталық кассаның мекенжайы: Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1.
Жексенбі – демалыс.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 12:57
Астаналық жастар тұрғындарды экологиялық акцияға қатысуға шақырды
Бүгін, 12:22
Есірткі өндіретін астыртын зертхана ашқан 3 астаналық бас бостандығына айырылды
Бүгін, 11:47
Елордада танымал әнші Jony-ге көшет сыйлады
Бүгін, 10:35
Татуласу орталықтарында медиатор мен психологтар консультациялар өткізеді