«Елорда Жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталады
Астанада «Елорда Жастары» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау 1-6 ақпан күндері аралығында басталады, деп хабарлады Elorda.info елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап..
2024 жылғы 1 ақпаннан бастап өтінімдерді қабылдау 1 ақпаннан бастап сағат 9.00-ден 6 ақпанға дейін сағат 23.59-ға дейін электрондық түрде birge.astana.kz порталы арқылы жүзеге асырылады (өтінім беру жөніндегі нұсқаулық zhilfond.kz сайтының осы бағдарлама бойынша хабарландыруында, «Жаңалықтар» бөлімінде орналастырылған).
Бағдарлама «Отбасы банк» АҚ арқылы елордада бастапқы/қайталама нарықта өз пәтеріңізді сатып алуға мүмкіндік береді.
Банк барлығы 80 несие береді.
Бағдарламаның шарттары:
- қарыздың ең жоғары сомасы - 18 млн. теңге;
- бастапқы жарна - 10%;
- қарыз бойынша мөлшерлеме - жылдық 5% ;
- несиелеу мерзімі 25 жылға дейін.
Жалпы талаптар:
- өтінім беру кезінде 35 жасқа толмаған болуы керек;
- соңғы 1 жылда Астана қаласында тұрақты түрде мекенжайға тіркелген болуы керек;
- бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша соңғы 5 (бес) жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйдің немесе меншік құқығымен тұрғын үйдің (ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі, өтінішке енгізілетін отбасының басқа мүшелерімен бірлесіп ортақ үлестік меншік) болмауы;
- өтініш беру сәтіндегі қатысушының таңдалған саладағы ресми жұмыс өтілі соңғы бір жылдан кем емес;
- жинақталған сомасы 1.8 млн. теңгеден кем емес «Отбасы банкте» депозиттік шотының болуы;
- отбасының әрбір мүшесіне соңғы 6 ай үшін еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есепке алмағанда) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 6 еселенген шамасына дейінгі кірісінің болуы (260 442 тг.).
Келесі қызмет салалары бойынша Астана қаласының мемлекеттік мекемелерінің де, жеке ұйымдарының да қызметкерлері қатыса алады:
1. денсаулық сақтау (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, медицина қызметкерлері);
2. білім беру (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, педагог қызметкерлер);
3. мәдениет (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, бейінді қызметкерлер);
4. спорт (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, спортшылар мен жаттықтырушы-тәлімгерлер);
5. әлеуметтік сала (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, бейінді қызметкерлер);
6. ЖОО және ҒЗИ (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер)
7. журналистер (Журналистер, корреспонденттер, продюсерлер, беттеушілер, редактор, режиссерлер, дыбыс инженерлері, теле-радио жүргізушілері, фотографтар, телерадио хабарларын тарату инженерлері, графикалық және мультимедиялық дизайнерлер, телерадио хабарларын тарату техниктері, аудио-бейне операторы, телекоммуникация монтажерлері, контент-менеджер, кеңесші, веб-дизайнер, медиа жоспарлау менеджері, медиа талдаушы, техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда);
8. Астана қаласының коммуналдық кәсіпорындарының / мекемелерінің бейінді қызметкерлері (ұйымның жекелеген жоғары тұрған салалардағы қызметкерлерін, оның ішінде техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда);
9. қызмет саласына қарамастан, Астана қаласында «Жетім балалар» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған 35 жасқа толмаған азаматтар.
10. Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, бейінді қызметкерлер);
11. Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, бейінді қызметкерлер);
Өтінімді толтыру кезінде қатысушы таңдаған сала бойынша еңбек қызметін жүзеге асыратын саламен сәйкес келуі тиіс.
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Электронды цифрлі кілт;
2. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бала туу, неке қию, некені бұзу және т. б.);
3. Өтініш берушіге Қазақстан Республикасы бойынша отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқтығы (бар болуы) туралы анықтама (анықтама egov.kz - ҚР электрондық үкімет порталынан өтінім беру сәтіндегі күні алынуы тиіс).
4. Ұйымның фирмалық бланкісінде анықтаманың берілген күні, шығыс нөмірі, жұмысқа орналасу күні және атқаратын лауазымы мен лауазымдық жалақысы көрсетілген жұмыс орнынан анықтама.
5. ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар (қызметтік тізім, еңбек кітабы немесе т. б.);
6. Еңбек қызметінің барлық кезеңі үшін зейнетақы аударымдары туралы үзінді-көшірме ерлі-зайыптылардың екеуіне де (жолдасы/жұбайы);
7. Болған жағдайда: өтініш берушіге немесе оның отбасы мүшелеріне (жолдасы/жұбайы, балалары) мүгедектігі туралы анықтама;
8. Депозитте жинақталған соманы көрсете отырып, «Отбасы банк» АҚ-да депозиттік шоттың болуы туралы анықтама (ерлі-зайыптылардың екеуіне де, жинақталған сома 1.8 млн. теңгеден кем болмауы тиіс);
9. Жұмыс істейтін ерлі-зайыптылардың екеуінде де болған жағдайда соңғы 6 айдағы табысы туралы жұмыс орнынан анықтама;
10. Жоғары немесе орта арнаулы білімі туралы құжат.
11. Қолы мен күні бар дербес деректерді жинауға және өңдеуге жұбайының/жолдасының (бар болса) келісімінің сканерленген нұсқасы (келісім үлгісі zhilfond.kz сайтында осы бағдарлама бойынша хабарландыруда, «Жаңалықтар» бөлімінде орналастырылған).
Іріктеу қалай жүзеге асырылады?
Қатысушыларды іріктеу ең жоғары баллдан ең төмен баллға есептеуді пайдалана отырып жүргізілетін болады:
- таңдалған саладағы жұмыс өтілінің толық 1 жылы - 5 балл, таңдалған саладағы жұмыс өтілінің толық емес жылы - 3 балл.
- Астана қаласында «Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрғандар ретінде өтінім берген азаматтарға қызмет саласына қарамастан, толық 1 жыл жұмыс өтілі үшін – 5 балл, толық емес жұмыс өтілі үшін – 3 балл есептеледі;
- өтініш берушіде немесе жолдасы/жұбайында I, II, III топтағы немесе балаларда мүгедектіктің болуы - 10 балл. Егер отбасының бірнеше мүшесінде мүгедектік болса, мүгедектігі бар отбасының әрбір мүшесіне ұпайлар беріледі;
Қатысушылар бірдей ұпай жинаған жағдайда, жасы үлкен қатысушының өту үлесі жоғары болады.
Қосымша ақпаратты келесі жерден алуға болады:
Тұрғын үй орталығы - Астана қаласы, Республика даңғылы, 32
8-776-198-29-70 (WhatsApp) – «Елорда Жастары» бағдарламасы бойынша кеңес беру
109 (ұялы телефондар үшін) – iKomek
300 (ұялы телефондар үшін) – «Отбасы банк» АҚ