Астана қаласы әкімі «Астана – АЭК» АҚ-на барды
Қаладағы жайлы өмір инженерлік желілердің жұмысымен тікелей байланысты. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Еlorda.info.
Барлық желі бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз. «Астана – АЭК» АҚ-ға арнайы барып, қаламызды электрмен жабдықтаудың қазіргі және перспективалы схемасы мәселелерін энергетиктермен бірлесе талқыладық.
2023-2024 жж. жылыту маусымына дайындық аясында 110 кВ әуе желілеріне, 10 кВ әуе желілеріне күрделі жөндеу жүргізілді, сол сияқты кернеуі 20-10 кВ тарату трансформаторлық қосалқы станцияларын күрделі жөндеу жұмысы аяқталуға жақын.
Бұдан бөлек, «Мыңжылдық» аллеясы ауданындағы жаңа нысандарды электрмен жабдықтауға қосу үшін 40 МВА трансформаторларын 80 МВА-ға ауыстырып, «Жұлдыз» 110/10 кВ қосалқы станциясын қайта құру жұмысын жүргіземіз.
Теміржолшылар елді мекенінің тұтынушыларын қаланың электр желісіне қайта қосу үшін жаңа «Қазбек» 110 кВ қосалқы станциясының құрылысы басталды, - деді Жеңіс Қасымбек.
Сол сияқты кездесуде өзге де түйткілді мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.