00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Мерейлі мекен-Мұнаралы Маңғыстау» атты кеш өтті

9 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Мерейлі мекен-Мұнаралы Маңғыстау» атты кеш өтті
Фото: Василий Крась

Бүгін Астанадағы Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында  «Мерейлі мекен-Мұнаралы Маңғыстау» атты ән мен жыр кеші өтті, деп хабарлады Elorda.info.

 

09-11-5.jpg

Кеш Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің «Мереке думан» шығармасымен басталды. 

09-11-4.jpg

Елордалық өнерсүйер қауым М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің концертін тамашалады. 

09-11-3.jpg

Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Рахат Мадреев және Мәдениет саласының үздігі Бауыржан Көбенғалиев.

09-11-2.jpg

ҚР Мәдениет саласының үздіктері, Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрі, Халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары, «Жорға» би ансамблі, «Ақшағыл» этно-фольклорлық ансамблі,Мұрат Өскінбаев атындағы облыстық филармониясының өнерпаздары, маңғыстаулық эстрада жұлдыздары, дәстүрлі әншілер  өнер көрсетті.

Бұл Маңғыстау облысының Астана қаласындағы мәдени күндері аясында өтіп жатыр. Сондай-ақ ән кеші облыстың 50 жылдығына орай ұйымдастырылды. Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері мен мәдениет саласының үздіктері, дәстүрлі әншілер, домбырашылар тобы, жеке аспапшылар өнер көрсетті- деді Мұрат Өскінбаев атындағы облыстық филармония директоры Бекбол Базарбаев. 

100-ге тарта өнерпаз кешке келген қала тұрғындары мен қонақтарының жылы ықыласына бөленді.

09-11-1.jpg

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары, және маңғыстаулықтар. Еліміздің бас қаласы елордаға қош келдіңіздер. Биыл киелі түбек  Маңғыстау облысына – 50 жыл. Ал Ақтауға 60 жыл. Осы мерекемен сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Маңғыстау өңірінің мәдени күндері елорда халқын үлкен сый деп санаймыз. Бүгінгі іс-шара – екі өңірдің рухани үндестігінң жаңғырып, жан-жақты байланысының нығаюының айқын көрінісі. Киелі Маңғыстау ақындар дүниеге келген қасиетті өңір. Оның топырағы, тауы, шатқалы, теңізі  көне тарихтан сыр шертеді. Маңғыстау облысы гүлденіп, өркендей берсін, - деді Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналиимов