Мәслихат төрағасы әлеуметтік қызметкерлерді мерекемен құттықтады

7 наурыз, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Мәслихат төрағасы әлеуметтік қызметкерлерді мерекемен құттықтады
Фото: Instagram/tzeinulkabden

Астана қаласының мәслихат төрағасы Табиғат Зейнулқабден  әлеуметтік қызметкерлерді мерекемен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында әріптесім Қанат Естекпен бірге ерекше балалармен жұмыс істейтін «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымын құттықтадық. Жуырда осы мекемеге барып, ондағы қызметкерлердің жанқиярлық еңбегіне куә болдық. 24/7 режимінде аянбай еңбек ететін ұжымның өз ісіне деген адалдығы мен мейірімі ерекше құрметке лайық. Бұл орталықта негізінен нәзікжанды мамандар қызмет етеді. Олар күн сайын ерекше балаларға үміт пен қамқорлық сыйлап, жүрек жылуын аямайды. Олардың сабырлылығы, жанашырлығы мен кәсібилігі әлемді мейірімдірек, жарқын ете түсуде. Сіздердің еңбектеріңіз – шексіз алғыс пен құрметке лайық!», - деп жазды төраға.