LRT құрылысы: Ш.Қалдаяқов көшесіндегі қозғалыс уақытша өзгереді

9 сәуір, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
LRT құрылысы: Ш.Қалдаяқов көшесіндегі қозғалыс уақытша өзгереді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада LRT құрылысы бойынша жұмыстарды жүргізу жоспарына сәйкес, Ш.Қалдаяқов көшесінде жол қозғалысы уақытша өзгертіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Өзгеріс кестесі төмендегідей:

- 10 сәуірден 25 сәуірге дейін – инженерлік желілерді қайта құру жұмыстарын жүргізуге байланысты Ш.Қалдаяқов көшесі бойынша, Тәуелсіздік даңғылынан Ж.Нәжімеденов көшесіне дейінгі учаскеде қозғалысты толық жабу жоспарланып отыр.

- 10 сәуірден 10 маусымға дейін – LRT объектісі жолының жоғарғы құрылымының элементтерін төсеу үшін парапеттер мен бетон негізді құю жұмыстарын жүргізуге байланысты Ж.Нәжімеденов көшесінен (И.Панфилов көшесі) Арыс көпірі бағытындағы қарсы қозғалыс жолағына шығатын екі жолаққа дейінгі қозғалыстар ішінара шектеледі және Сығанақ көшесі жағынан қозғалатын көлік үшін бұрылу жолағын сақтай отырып, Арыс көпірінен Ж.Нәжімеденов көшесі (И.Панфилов көшесі) бағытында бір жолаққа дейін қысқарту жүргізіледі.

«Жүру бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз және келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», - делінген CTS компаниясының хабарламасында.