00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

LRT құрылысы: Елордада жарты шақырым рельс төселді

5 желтоқсан, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
LRT құрылысы: Елордада жарты шақырым рельс төселді
Фото: CTS баспасөз қызметінен

Астанада №116 және №117 станциялар арасындағы эстакада бөлігінде рельс жолының алғашқы 500 метрін төсеу аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Бұл сынақ кезеңі қысқы ауа райының жеңіл рельсті жолдың (LRT) жоғарғы құрылымының жай-күйіне әсерін зерттеуге мүмкіндік береді. 

«Рельс жолы арматуралық жақтау, шпалдар, рельстер және бекіткіштерден тұрады. Эстакаданың жалпы ұзындығы 22,4 км құрайды және оның бүкіл ұзындығына қос жол салынады. Бұл пойыздардың жүруін, оларға қызмет көрсетудің және жөндеу жұмыстарын орындаудың ыңғайлылығын қамтамасыз етеді», - делінген City Transportation Systems хабарламасында

Жолды төсеу заманауи технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады: 

- Стандартты жол ені – 1 435 мм, халықаралық стандарттармен үйлесімділікті қамтамасыз етеді. 

- Рельстерді жіксіз төсеу пойыз дөңгелектерінің дыбысы мен дірілді азайтады. 

- Алдын ала кернелген шпалдар жарылып кетуден қорғалған, аязға және қардың еруіне төзімді. 

Келесі жылдың жылы кезеңінің басталуымен эстакаданың барлық ұзындығына рельстерді төсеу басталады. Қыс мезгілінде қажетті материалдар дайындалады. 

Айта кетейік, эстакада рельс жолдарын төсеуді аяқтау 2025 жылға жоспарланған.