00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Коммуналдық қызмет пен еріктілер Ақмола облысындағы су тасқынына қарсы күреске көмектесуде

10 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Коммуналдық қызмет пен еріктілер Ақмола облысындағы су тасқынына қарсы күреске көмектесуде
фото: www.gov.kz

Астана қаласындағы «Жастар рухы» және «Астана жастарының» 150-ге жуық еріктілері Жібек Жолы кентіндегі (Ақмола облысы) су тасқынына қарсы күреске көмектесіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жібек жолы ауылының маңында еріген су деңгейінің жоғарылауына байланысты бұл өңірде тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады. Екі тәулік бойы елорда еріктілері қауіптілігі бар жерлерді нығайтуға көмек көрсетіп келеді.

Ақмола облысы Жібек жолы ауылындағы су тасқынына қарсы күреске елорда әкімдігі қорғаныс құрылысын салу және нығайту жұмыстарын жалғастыру үшін барлық қажетті техниканы, инертті материалдарды, құм салынған қапшықтарды әкелді.

Айта кетейік, өткен айдан бастап елорданың коммуналдық қызметінің бір бөлігі Астана іргесінде орналасқан Ақмола облысы Жібек жолы ауылына көмек көрсетуге бағытталған.