00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарын жалғайтын көше жөнделеді

Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарын жалғайтын көше жөнделеді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Астана Арена» стадионының аумағында Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылын жалғайтын жергілікті жол жүрісіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлады Elorda.info.

Осыған байланысты 16-19 шілде аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары ашық болады, автокөлік құралдарының қозғалысы іргелес көшелерде жүзеге асырылатын болады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз», - делінген хабарламада.