00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

JOLTAP мақсатыма жетуге көмектеседі – жоба қатысушысы

JOLTAP мақсатыма жетуге көмектеседі – жоба қатысушысы
Фото: ашық дереккөз

Былтыр бастау алған JOLTAP жобасы елордалықтарға мол мүмкіндіктер ашты. Жоба арқылы бас қаланың тұрғындары жаңа мамандықтарды қысқа мерзімдерде игеріп, тың табыс көзін табуға ұмтылыс жасады. Солардың бірі Дәурен Жолманов жақында «Корпусты жиһаз жасау негіздері» курсын тәмамдады, деп хабарлады Elorda.info.

«Мен JOLTAP жобасына модульдік пункт арқылы келдім. Онда «Корпусты жиһаз жасау негіздері» курсын оқыдым. Келешекте осы кәсібім арқылы табыс тауып, өзімің жеке ісімді ашатын да жоспарым бар. Жобаның мақсаттарымды жүзеге асыруға көмегі тиеді деп ойлаймын», - деді ол.

Аталған курсты студенттер әртүрлі модульдер бойынша оқиды.

«Жиһаз жасау негіздерін бөліктерге бөліп оқыған ыңғайлы болды. Нақтырақ айтсақ, заманауи шкаф жиһазының ерекшеліктері; материалдармен, құралдармен және жабдықтармен танысу; өлшем алу және әрі қарай жұмыс істеу үшін ақпарат жинау; шкаф жиһазын жобалау; материалдарды аралау және өңдеу; жиһаз құрастыру модульдері бойынша осы мамандықтың қыр-сырына үйрендік», - дейді ол.

Айта кетейік, модульдік пункттердің кеңесшілері тұрғын үй бағдарламалары, бизнес гранттары, әлеуметтік көмек және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы да ақпарат береді. JOLTAP жобасы аясында қала тұрғындары екі қысқа мерзімді бағдарламада тегін білім ала алады. Бірінші бағдарлама тігінші және сатушы-кассир сияқты сауда, құрылыс және қызмет көрсету салаларының стандарттары мен талаптарына негізделген жұмысшы мамандықтарын оқытуға арналған. Ал «Freelance Mumkindik» деп аталатын екінші бағдарлама нарықта танымал және өзекті болып табылатын цифрлық дағдыларды үйретеді.