Есірткі сақтаған астаналық екі бойжеткен ұсталды
Тінту кезінде олардың бірінің күртешесінің қалтасынан ішіне ақшыл түсті ұнтақ зат салынған 10 пластик пакет табылған, деп хабарлады Elorda.info.
Тінту кезінде олардың бірінің күртешесінің қалтасынан ішіне ақшыл түсті ұнтақ зат салынған 10 пластик пакет табылған.
Одан әрі тұрғылықты жерін тексеру барысында арнайы ыдыстағы ақшыл түсті ұнтақ анықталған. Сондай-ақ, электронды таразылар, бос қапшықтар, электр таспасы және 150 колба тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар салмағы 52,6 грамм «мефедрон» есірткі заты болып шыққан.
Осы фактіге байланысты есірткіні заңсыз өндіру, қайта өңдеу, иемдену және сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Биылғы жылы 61 есірткі қылмысы тіркелді, оның 53-і есірткі сатумен айналысатын тұлғаларға қатысты. Заңсыз айналымнан 16,5 келі түрлі есірткі заттары тәркіленді, оның 3 келі 400 грамы «синтетикалық есірткі», - деді Астана қаласы ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қуаныш Орынбетов.