00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ерлан Каналимов полицейлер мен мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады

23 маусым, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Ерлан Каналимов полицейлер мен мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады
коллаж Elorda.info

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов полицейлер мен мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

«17 жыл бұрын қазақстандық Полиция күні ресми түрде бекітілді. Бұл мереке бүгінде тәртіп пен тыныштықты сақтайтындардың барлығына алғыс белгісі болып табылады. Бұл бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірін бергендерге құрмет. Қазақстандық полицейлерді кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын және жұмыста жаңа жетістіктер тілеймін. Қылмыс деңгейі күн сайын төмендеп, елордамыз жайлы әрі қауіпсіз болсын!», - деп жазды Ерлан Каналимов Instagram желісіндегі парақшасында.

Сонымен қатар мәслихат төрағасы мемлекеттік қызметкерлері құттықтап, тілегін жеткізді.

Бүгін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтуде. Бұл 2013 жылы бекітілген жаңа мереке. Дамыған мемлекеттің негізгі қозғаушы тетігі – жоспарлы саясаты мен нақты қадамдарын жүзеге асырушы мемлекеттік қызметкер.

«Құрметті әріптестер! Сіздерге жұмыстың ең қиын бөлігі - адамдармен жұмыс істеу сеніп тапсырылған. Мемлекеттік органдарға азаматтар өздерінің проблемалары мен қиындықтарын тыңдау, мүдделерін қорғау және заңды құқықтарын қорғау үшін барады. Адамдардың өмір сүру деңгейі мен тұрғындардың қала билігіне қатынасы біздің жұмысымыздың сапасына байланысты. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілеймін! Еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!», - деді мәслихаты төрағасы.