00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорданың үздік тауары таңдалады

Елорданың үздік тауары таңдалады
фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы 5 шілдеде өтеді. Байқауға 100-ге жуық елордалық компания өтінім берді, деп хабарлады Elorda.infо

Байқауда  төмендегі үш номинация бойынша үздік тауар өндірушілер таңдалады:

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;

«Халыққа арналған үздік тауарлар тауарлар»;

«Үздік азық-түлік тауарлары».

Әр номинация бойынша 3 жеңімпаз анықталады. 

Өңірлік іріктеудің жеңімпаздары ҚР Президентінің қатысуымен өтетін республикалық байқауға жолдама алады.

Көрме-байқау қонақтарына концерттік бағдарлама және бағалы сыйлықтар ұтысы ұйымдастырылып отыр.

Сондай-ақ, байқауда алғаш рет «Елорда базары» шығыс жәрмеңкесі аясында жергілікті шикізаттан өндірілген «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысушылардың өнімдері ұсынылады. Елорданың үздік қолөнершілері этно стиліндегі топтамалар, қыш, металл, киіз және жібектен жасалған бұйымдар, зергерлік бұйымдар мен кәдесыйларды көпшілік назарына ұсынылмақ.    «Бір ауыл – бір өнім» жобасына барлығы 72 адам қатысады. 

Өтетін күні мен орны: 5 шілде, EXPO халықаралық көрме орталығы, Мәңгілік ел даңғылы, 53/1. 

Көрмелер сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.