Елорданың «Нұра» ауданында «Сәтті сәрсенбі» спорттық шарасы өтті

Елорданың «Нұра» ауданында «Сәтті сәрсенбі» спорттық шарасы өтті
Фото: Астана әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы

Бүгін елордада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында  «Сәтті сәрсенбі» атты спорттық іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Жағалау» тұрғын-үй кешені аумағында өткен спорттық шарада балалар түрлі ойындар бойынша сайысқа түсіп, қоршаған ортаны таза ұстау қажеттігі айтылды.

«Қазақта сәрсенбінің сәтті күні деп аталуы бекер емес. Себебі аптаның осы күніндегі ойлаған жоспарлар ойдағыдай бітіп жатады. Біз де осы мақсатта спорттық шарамыздың атауын осылай қойғанды жөн көрдік. Бүгінгі шарамыздың негізгі мақсаты - жеткіншектерді қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аудартып, экологиялық бастамаларға тарту және олардың бойына жақсы әдетті сіңіру», - деді Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының маманы Гүлнұр Базарханова.

Спорттық мереке барысында 100-ге жуық жас спортшылар асық ату, ләңгі тебу, арқан тартыс және «Көңілді старт» аясында өзара жарысты.

Жарыс соныңда жеңімпаздар анықталып, ұйымдастырушылар тарапынан алғысхатпен, естелік сыйлықтармен марапатталды.