00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық жастарға жеңілдетілген несие бағдарламасы түсіндірілді

4 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық жастарға жеңілдетілген несие бағдарламасы түсіндірілді
Коллаж: Elordainfo.kz

Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» директоры Олжас Омар «Bilim Foundation» корпоративтік қорының «Жарқын Болашақ» бағдарламасы бойынша грант иегерлерімен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Кездесу барысында жастарды жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру, жастарға жеңілдікпен несие беру, «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларына қатысу және сондай-ақ жастарға берілетін шағын несие бағдарламасының шарты айтылды. 

Сонымен қатар, Астана қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығы мен «Bilim Foundation» корпоративтік қоры арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.  «Жарқын Болашақ» бағдарламасының түлектерін жұмысқа орналастыру мақсатында келелі келіссөздер жүргізілді.

Оқу бітірер алдында бағдарлама түлектерін таңдаған мамандықтары бойынша практикалық дағдыларды игеруіне жағдай жасап, жыл бойы қолдау көрсетіледі. 

Алғашқы жұмыс орны» жобасы еңбек жолын енді бастағалы жүрген оқу орындарының түлектеріне, яғни жұмыссыз жастарға арналады. Жобаға қатысу ұзақтығы 18 айға дейін жетеді. Осы аралықта  жұмыс істеген уақыты еңбек өтілі ретінде есептеліп, 30 айлық есептік көрсеткіш, яғни 110 760 теңге жалақы беріледі. Оған қоса салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банктік қызметтерді ескереді, - деді «Еңбек мобильділігі орталығының» директоры Олжас Қобландыұлы.

Оның айтуынша, дәл осы жалақы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін «Жастар практикасы» жобасына да қатысуға болады. Бұл жобаның ұзақтығы 12 айға дейін созылады. Оқу бітіргеннен кейін бес жылда мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алады. 

Колледжді бітіргеннен кейін үш жылда «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатысуға болады. Осы жоба арқылы 6 айға дейін жұмыс істей алады. Сонымен қатар жеке бизнесін ашуға ынталы жастарға шағын несие беру жолы да түсіндірілді. Бұл жоба кәсіпкерлік қызметке тарту арқылы жастардың экономикалық белсенділігін арттыруды көздейді.

Кездесу барысында елордалық жастарға 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие берілетіні жайлы айтылды. Микрокредиттер 21 мен 35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлерге арналған. Бастысы өтініш беруші жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. Олар 2,5 пайызбен 5 миллион теңгеге дейін кредит ала алады. Несиені 5 жылға дейін өтеуі қажет. 

«Bilim Foundation» қорының президенті Ерлан Аманжолұлының айтуынша, «Жарқын Болашақ» бағдарламасын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры көлемді, ұзақ мерзімді қолдау білдіріп келеді. Бағдарламаға Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау, Түпқараған, Қарақия аудандарының жастары қатыса алады. Іріктеуден өткендер мына өңірлердегі оқу орындарын таңдай алады: Астана, Қарағанды, Тараз, Алматы, Қостанай,  Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Екібастұз, Өскемен, Семей. Грант иегерлеріне білім алу мен жатақхана ақысы, белгіленген көлемдегі жол шығындары, жоғарылатылған шәкіртақы қарастырылған. 

Қазіргі таңда бағдарлама аясында 674 грант иегері оқып жатыр. Биыл 67 түлек оқу орнын аяқтайды. Олардың 31-і мектеп бітерсе, 36 жасөспірім колледж тамамдайды. Олар университетке  түсуіне де, жұмысқа орналасуына әбден болады, - деді Ерлан Аманжолұлы. 

Шара соңында түлектер көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, жауаптар алды. Сондай-ақ балаларға жұмыс іздеу, жұмысқа орналасу және әңгімелесуден дұрыс өту бойынша ұсыныстар берілді.