00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалықтар Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлерді еске алды

26 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалықтар Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлерді еске алды
Фото: дереккөз

Естелік іс-шара Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кірген күніне орай өтті. 

Іс-шараны «Ауғанстандағы соғыстың ардагерлері мен мүгедектерінің одағы» ҚБ және қалалық Ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды.

Гүл қою рәсіміне ардагерлер мен қаза тапқан сарбаздардың туыстары, Астана әкімдігінің басшылығы, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Олар Ауғанстан соғысынан оралмаған жауынгерлерді еске алып, құрмет көрсетті.

Айта кетейік, қазіргі уақытта елордада 1 200-ге жуық интернационалист-жауынгер тұрады.