Елордалық тұтынушыларға 20 миллион теңге қайтарылды
15 наурыз – Тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні. Астана қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті өз құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Сауда және интеграция министрлігінің аумақтық органы болып табылады. Департамент өз қызметін екі бағыт бойынша жүзеге асырады, деп хабарлайды Elorda.info.
Олар ішкі сауданы дамыту, реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында біртұтас, тиімді саясатты қалыптастыру, - деді департамент басшысы.
Оның айтуынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың негізгі қағидаттары: тұтынушылардың экономикалық мүдделеріне жәрдемдесу және осы мүдделерді қорғау; сатушы ұсынатын тауарлар туралы ақпараттың қолжетімділігі мен дұрыстығы; тұтынушыларды өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде тұтынушының құқықтық сауаттылығын арттыру; тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың оларды қорғауды қамтамасыз ететін іс-шаралар реттілігіне негізделген тиімді жүйесін қамтамасыз ету. Сондай-ақ электрондық коммерцияда тұтынушылардың заңды мүдделерін сауданың басқа нысандарында ұсынылатын қорғау деңгейінен кем емес қорғауды қамтамасыз ету; тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің, қауымдастықтың (одақтардың) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қатысуы; тұтынушыларды қауіпсіз және сапалы тауарлармен қамтамасыз ету.
Жыл басынан бастап департамент тұтынушылардың 1 200 өтінішін қарады және жалпы сомасы 20 миллион теңгеге ақшалай қаражатты қайтару бойынша жәрдем көрсетті. Тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда тұтынушы сатушыға құқықтар мен заңды мүдделердің бұзылуын жою және тұтынушыға тауардың кемшіліктері салдарынан осы бұзушылықтармен келтірілген залалды ерікті тәртіппен өтеу туралы наразылықпен жүгінуге құқылы. Тұтынушының сатушыға шағымы табысталғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтімі нысанында не сатушының электрондық поштасына жіберіледі. Сатушы тұтынушының наразылығын қарауға және тұтынушының талаптарымен келіспеген жағдайда, тұтынушының шағымын алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жоғарыда баяндалған тәсілдермен дәлелді жазбаша жауап беруге міндеттелген, - деді Нұрғали Егембердиев.
Сатушының күнтізбелік он күн мерзімде тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды жою туралы шағымға жазбаша жауап беру жөніндегі міндеттерді орындамауы «Ескерту» түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Тұтынушының шағымына жазбаша жауап бермеу бөлігінде құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны үшін 31 кәсіпкерге «Ескерту» түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Егер де кәсіпкер әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталаса, жеке тұлғаларға – 10, ШК субъектілеріне – 20, ОК субъектілеріне – 30, ІК субъектілеріне – 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.