00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Елордалық Эрика Жайлауова көркем гимнастикадан халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық Эрика Жайлауова көркем гимнастикадан халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды
ашық дереккөз

Софияда (Болгария) көркем гимнастикадан халықаралық турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан құрамасының спортшысы елордалық Эрика Жайлауова аталған әлемдік бәсекеде қола жүлдеге ие болды. 

Ол таспа жаттығуының финалында 29.350 ұпайын еншіледі. Сондай-ақ Эрика ұршық, доп жаттығуларында 5-орыннан көрінді. 

Аталған бағдарламада Украина өкілі Полина Хороднича 30.550 ұпаймен жеңіске жетсе, күміс болгариялық Ева Брезалиеваға (30.300 ұпай) бұйырды.