Елордалық боксшы Темірлан Мұқатаев Азия чемпионы атанды

фото: Астана қаласы әкімдігі
Таиланд астанасы Бангкок қаласында бокстан жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бұл жарыста ел намысын қорғаған елордалық спортшы чемпион атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
90 келі салмақта ел намысын қорғаған елордалық спортшы Темірлан Мұқатаев ақтық бәсекеде өзбекстандық боксшы Шохрух Абдумаликовты 3:2 есебімен жеңіп, алтын медальға ие болды.
Сонымен қатар, жастар арасындағы Азия чемпионатында қыздар арасында жерлесіміз Ақбота Есімбекова қола медаль иеленген болатын.
Айта кету керек, аталмыш турнирге 26 елден 400-ге жуық жас спортшы қатысты. Турнир бүгін аяқталады.
Бұл жарыс – World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өткізілетін алғашқы құрлықтық біріншілік.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:41
Астанаға жарты жылда 750 мыңнан астам турист келді

Бүгін, 17:15
Астанада негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң даму динамикасы байқалады – Жеңіс Қасымбек

Бүгін, 15:46
«Астананың құрметті педагогі» байқауының жеңімпаздары анықталды

Бүгін, 11:52
Елордалық мемлекеттік қызметшілерге дін саласы саясатындағы өзгерістер туралы түсіндірілді