Елордадан бір түнде 50 мың текше метрге жуық қар шығарылды

30 қаңтар, 2025
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Елордадан бір түнде 50 мың текше метрге жуық қар шығарылды
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Астанада екінші күн қатарынан қар жауып тұр. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде, қар тазалау жұмысы тәулік бойы жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

30 қаңтарда күндізгі ауысымға қар тазалау жұмысына 2 642 жол жұмысшысы және 1 800-ден астам арнайы техника шықты.

30 қаңтарға қараған түні елордадан қар полигондарына 50 мың текше метрге жуық қар 4 077 рейспен шығарылды.

Қыс мезгілі басталғалы қаладан 341 831 ауыр жүк рейсімен 4,4 млн текше метрге жуық қар шығарылды.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, онда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз», - делінген хабарламада.