00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астананың жасыл белдеуіне 750 қырғауыл жіберілді

18 қыркүйек, 2024
Салтанат Мұратқызы Салтанат Мұратқызы
Астананың жасыл белдеуіне 750 қырғауыл жіберілді
Фото: дереккөз

Еркін қырғауылдар аязға жақсы төзеді және ерекше күтімді қажет етпейді, тек қыста ғана азықтандыру қажет, деп хабарлады Elordainfo.kz «Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап.

Жыл сайын «Астана орманы» ЖШС-де маусымдық жұмысшы болып жұмыс істейтін ауыл тұрғындарының айтуынша, қырғауылдың тіршілік ету ортасы  Целиноград ауданы мен Қорғалжын ауданы Сабынды кентінің Ақмол, Оразақ, Бозайғыр елді мекендерінің аудандарында. Бұл сәтті акклиматизацияның дәлелі болып табылады.

Айта кету керек, қырғауыл «ұялшақ құс», сирек ағаштарға көтеріліп, бұталарда тығылғанды жөн көреді, сондықтан бұл олардың еркін есебін жүргізуді қиындатады.

Бұл үшін 2021 жылдан бастап министрліктің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен рұқсат алынып жыл сайын Астананың жасыл белдеуі аумағына қырғауылдарды шығару жоспарланды. Сөйтіп, Жетісу қырғауылын молайту басталды.

Қазіргі уақытта қоршауларда қырғауылдардың 2100-сі бар. Ағымдағы жылы жасыл белдеуге 1800 қырғауылды шығару жоспарлануда. Оның ішінде сәуір айында 700 бас көлеміндегі алғашқы тобы шығарылды. Маусым айында бұлардың 150-і және бүгін 750-і арнайы аумаққа жіберілді. Ал ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде 200 қырғауыл шығарылмақ.

Қырғауылдарды өсіру бірқатар мәселелерді шешуге көмектеседі және біздің республикамыздың биоалуантүрлілігін сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зиянкестермен биологиялық күресуге ықпал етеді.

Елорданың жасыл белдеуі қырғауылға ыңғайлы жерлерге ие. Бұл олардың санын едәуір арттыруға жағдай жасайды.