00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада жаңа бағыттар іске қосылды

31 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада жаңа бағыттар іске қосылды
Фото: Василий Крась

Бүгіннен бастап Астанада №49 және №57 жаңа бағдарлары іске қосылды, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

№ 49 жаңа бағдары Көктал-2 мен Ұлы дала даңғылы бағытында қатынайды және Көктал-1, Көктал-2 елді мекендері, «Көктал» саябағын Жағалау елді мекенін байланыстырады.
Сондай-ақ Ш.Айтматов, Сығанақ көшелеріне, Қабанбай батыр даңғылына көліктік қызмет көрсетуді жақсартып, «Dastur», «Home Land», «Athletic city» ТК тұрғындарын көліктік қызметпен қамтамасыз етеді.

31-08-3.jpeg

Бағдар бойынша 12-15 минуттық арақашықтықпен 10 автобус жүреді.

№57 бағдар «Төле би көшесі» – «Нұрлы жол» теміржол вокзалы» қатынасымен Төле би көшесіне қызмет көрсетуге, А.Байтұрсынов көшесіне, Қошқарбаев даңғылына көліктік қызмет көрсетуді жақсартуға №92 мектеп пен Айнакөл көшесі, «Хабар» ТК арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз етуге, Ы.Алтынсарин атындағы Бином мектебіне қызмет көрсетуді жүзеге асыруға, №40 бағдардың жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Бағдар бойынша 10 автобус 10-15 минуттық арақашықтықпен жүреді, - деп жазылған хабарламада.

31-08-2.jpeg

Бағдарлардың қозғалыс сызбалары желі учаскелеріндегі қолданыстағы қажеттілікті ескере отырып әзірленгенін атап кеткен жөн.