Елордада тоғызқұмалақтан турнир өтті
«AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалында тоғызқұмалақтан қалалық турнир өтті, деп хабарлады Elorda.info.
«Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында қазақтың ұлттық зияткерлік ойыны тоғызқұмалақты партияластар арасында кеңінен насихаттауды, партия мүшелері арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамытуды мақсат еткен шарада: Астана халықаралық университеті бастауыш партия ұйымының «AIU» командасы ІІІ орынды, Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы АҚ БПҰ-ның «КТЖ» командасы ІІ орынды, Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы БПҰ-ның «Әл-Фараби» командасы І орынды қанжығасына байлады, - делінген «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
«Әл-Фараби» командасы иеленген көшпелі кубок келер жылы Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы БПҰ ұйымдастыратын жарыс жеңімпаздарына табысталатын болады.
Жарыс ұйымдастырушыларының айтуынша, «Ұлттық мұра» жобасының мақсаты – мәдениетімізді қалыптастыру, ұлттық тәрбиені арттыру.