Елордада сотталғандардың құқығы қорғалды
17 қараша, 2023
Елорда ақпарат
Фото: фото: t.me/GenPr
Астана қаласының прокуратурасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандардың жұмысын ұйымдастырудағы заңдылықтың сақталуын тексерді, деп хабарлады Elorda.info.
Жалақыны уақтылы төлемеу, сотталғандармен жеке еңбек шарттарын дұрыс жасамау, сондай-ақ еңбек заңнамасында көзделген жұмыс уақытынан (тәулігіне 12 сағаттан) артық жұмыс істейтін сотталғандарды пайдалану фактілері анықталды, - делінген хабарламада.
Қадағалау актісі бойынша сотталғандарға жалақы төленді, лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
Ұқсас жаңалықтар