00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада скандинавиялық жүрістен фестиваль өтті

29 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада скандинавиялық жүрістен фестиваль өтті
Фото: дереккөз

«Қолжетімді спорт» жобасы аясында астаналық саябақтың шаңғы-роллер трассасында скандинавиялық жүрістен фестиваль өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Фестиваль «Еуразия» скандинавиялық жүріс мектебімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Жобаға қатысушылар мен ниет білдірушілер саябақтағы шаңғы-роллер трассасында бір шақырымдық символдық қашықтықты жүріп өтті.

«Еуразия» скандинавиялық жүріс мектебінің негізін қалаушы Максим Прощенко қатысушылар үшін шеберлік сабағын тегін өткізді.

Қазіргі уақытта скандинавиялық жүріс әлемнің 40-тан астам елінде танымал, оны 20 миллионнан астам адам жақсы көреді. Ол қолжетімділіктің арқасында осындай танымалдылыққа ие болды. Себебі кез келген адам жаттыға алады.
Сондықтан «қолжетімді спорт» атауы оның мәнін дәл көрсетеді», - деді М.Прощенко.

Фестиваль қатысушыларына арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Іс-шара соңында жобаны ұйымдастырушылар «қолжетімді спорт» жобасының серіктестері есебінен ұтыс ойынын өткізді.