Елордада Шыңғыс Айтматов көшесі уақытша жабылды

7 тамыз, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Елордада Шыңғыс Айтматов көшесі уақытша жабылды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш.Айтматов көшесіне жол төсемінің үстіңгі қабатын салу жұмысын жүргізеді, деп хабарлады Elordianfo.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты 15 тамызға дейін көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылды. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.