00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада педагогтер білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен мәдениет мәселесін талқылады

15 мамыр, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада педагогтер білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен мәдениет мәселесін талқылады
Коллаж: Elordainfo.kz

Астанада «Орта білім беруде білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру» атты педагогтерге арналған республикалық шеберлік сыныбы өтті. Іс-шараға әр өңірден келген 70-ке жуық мектеп педагогі қатысты, деп хабарлады Elorda.info.

Алтынсарин академиясының вице-президенті Руслан Қаратабанов республикалық іс-шараның ашылуында сөйлеген алғысөзінде қазіргі таңда орта білім беру саласында білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру өте өзекті екенін атап өтті.

Семинардың шеберлік сабағы бөлігінде Алматы қаласы Ы.Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназияның тарих және құқық негіздері пәнінің мұғалімі, педагог-шебер, «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы Гүлмира Асанбекова білім алушылардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру мен құқықтық мәдениетін дамыту туралы өзінің озық іс-тәжірибесімен бөлісті.

Оқу процесінде тиімді қолданып жүрген тәсілдерін көрсетіп, қатысушылармен кері байланыс орнатып, өз тәжірибесін ұсынды.

Республикалық іс-шараны Оқу-ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдастырды. Бұл іс-шара орта білім беру ұйымдарында құқықтық сауаттылық пен академиялық адалдық мәдениетін ілгерілетуге, құқық бұзушылықтың барлық түріне төзбеушілік қатынасты қалыптастыруға, жас ұрпақ бойында жауапты азамат құндылықтарын тәрбиелеуге, сонымен қатар «Заң және Тәртіп» қағидатын сақтауға бағытталған.

Сарапшылар жиналған кездесу барысында өзекті мәселелер талқыланып, құқық бұзушылықтардың барлық түріне төзбеушілік қатынасты қалыптастыру және жауапкершілігі жоғары азаматтың құндылықтарына сәйкес жас ұрпақты заңға құрметпен қарау және құқықтық мәдениетін қалыптастыру туралы ұсыныстар айтылды.

Сарапшылардың ұсынымдары орта білім беру саласындағы балалардың құқықтарын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру үшін Оқу-ағарту министрлігі назарына қабылданды.