00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада Конституция күніне орай конференция өтті

25 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада Конституция күніне орай конференция өтті
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бүгін Астанадағы Достық үйінде Конституция күніне орай «Адал азамат – Ата Заңның тірегі» атты конференция өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Басқосуға Парламент Сенатының депутаты Евгений Больгерт, Мәжіліс депутаты Марат Башимов, ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Индира Рыстина, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкет, Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов, сондай-ақ қалалық ҚХА этномәдени бірлестік пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. 

e7bed172-e117-4a4c-8079-88526a6d2d67.jpg

Елімізде соңғы бір жарым жылда көптеген саяси науқандар орын алды. Жалпыхалықтық референдум, сайлау қоғамның саясилануына әкелді. Конституцияға енгізілген өзгерістер бір күндік жұмыстың нәтижесі болған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел тізгінін қолға алған 2019 жылдан бері 4 ірі саяси реформа жасалды. Елімізде орын алған саяси күрделі өзгерістердің бірі – ауыл әкімдерінің сайлануы. Ауыл әкімдерін саяси партиялардың ұсынысы арқылы ғана емес, өзін-өзі ұсыну арқылы үміткер бола алады, - деді Индира Рыстина. 

Конференция барысында қатысушылар Ата Заңның маңыздылы туралы айтты. 

Конституция күні бұл еліміз үшін үлкен мереке. Мен Конституциялық топтың мүшесі болғанда 15 ұсыныс берген едім. Оның ішінде адам құқықтарын қорғайтын Конституциялық Соттың керектігі жайында айтылған. Конституциялық Заңда норма бар: «Бір мандаттық бойынша өткен әр депутат бір жылдан кейін халықтың алдында жауап беруі керек. Ал қоғам оның жұмысы жайлы жақсы пікірде болмаса, онда мандатын қайтаруға құқығы бар. Сол үшін бір мандат бойынша келген халық қалаулылары Мәжілісте депутаттық сауал жолдайды. Бұл өте пайдалы дүние, - деді Мәжіліс депутаты Марат Башимов.

80bb4c01-263a-455f-b29c-95ae18cf7dee.jpg

Биыл Ата Заңымыздың қабылданғанына 28 жыл толып отыр.

Жыл сайын 30 тамыз күні Ата Заң күнін атап өтеміз. Кез келген егеменді ел әрі әлеммен төрт құбыласы тең мемлекет үшін Конституция басты құжат болып саналады. Өйткені Ата Заң – ең алдымен біздің ішкі нормативтік заңды айқындайтын құжат. Екіншіден, Конституция арқылы біз әлемдік деңгейде тәуелсіз ел екенімізді дәлелдейді. Сондықтан да 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституция бүгінгі Қазақстанның жетістігін, әлемдегі орнын және мемлекеттің ішіндегі қоғамдық демократиялық дамуды көрсетеді, - деді тарих ғылымдарының докторы, ЕҰУ профессоры Садық Тілеген. 

Отырыста тек Астана емес, жалпы республикада болып жатқан түбегейлі демократиялық өзгерістер, Ата Заңның орындалу деңгейі, оған халықтың көзқарасы және еліміздің осы уақыт ішінде жеткен жетістіктері жайында келелі әңгімелер айтылды.

Сабина КӘКІМЖАН