Елордада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Фото: Василий Крась
Астанада 1-2 ақпанда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен – Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері тікелей ұсынылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн, сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. сатып ала алады.
Іс-шара Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайы бойынша Koktal сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Айта кетейік, жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 07:31
Бүгін Астанада ауа райы қандай болады

16 қазан, 2025
Елордалықтарға құстарды қоректендірудің зияны туралы ескертілді

16 қазан, 2025
Елордада велосипед ұрлады деген күдікпен кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды

16 қазан, 2025
Елордадағы «Шарапат» орталығында Республика күніне арналған іс-шара өтті